Жерүсті және жерасты өткелдері жаңа стандарт бойынша жөнделеді - Алматы әкімі

Алматыдағы жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері жаңа стандарт бойынша жөнделеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

Сұрақ:

Бізде бүкіл қалада көпірлерде көтергіштер бар. Оларды күтіп ұстауға және пайдалануға ақша бөлінеді, бірақ олар әрдайым жұмыс істей бермейді. Кілт мәселесі де бар. Қашан тәртіп орнатылады?

Аудан тұрғынының сұрағына жауап бере отырып, қала әкімі тең қолжетімділік пен тең мүмкіндікті ұсынуға қатысты мәселе ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Мен арнайы комиссия құрдым, оны өзім басқарамын. Қала құрылысы кеңесіне қатысты мәселені инклюзивті қоғамға енгіздім. Құрылыс ережесінде біз қазір осындай өкілеттікке ие болдық. Мемлекет басшысы Алматының ерекше мәртебесі туралы Заңға өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, онда нысандарды қабылдау, талаптар бойынша мәселелер көзделеді. Алматы қаласының дизайн-кодында біз қажетті заттарды бекіттік», - деді Ерболат Досаев.

Тек Әуезов ауданында жыл соңына дейін 5 жерүсті өткелі жаңа стандарт бойынша қайта жаңартылады.

Мегаполис басшысының айтуынша, лифт кілтінің орнына азаматтардың, оның ішінде қарттар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жеңілдетілген санатын ескеретін «Онай» карточкаларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.

«Өкінішке қарай, кейбір қала тұрғындарының мәдениеті төмен, бұл өткелде лифтті пайдалануға қатысты. Сондықтан, біз оған шынымен мұқтаж жандардың мүддесі үшін шектеулер енгізуге мәжбүрміз», - деді Алматы әкімі.

Хабарланғандай, аудандағы лифттер осы жылдың соңына дейін жөнделеді.

Алматы әкімдігі ұсынған материал

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!