Қазақстанда қанша зейнеткер бары белгілі болды

Қазақстандағы зейнеткерлер саны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 1 триллион 275,8 миллиард теңге қарастырылды.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 391 мың адам.

1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 89 479 теңге, базалық зейнетақы - 42 631 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!