2024-2025 оқу жылында оқушылар қалай демалады?

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсанда оқу уақыты 8 аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал,11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!