Жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде қателік жібергендер жауапқа тартылуы тиіс - урбанист

Жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде қателік жібергендер жауапқа тартылуы тиіс - урбанист
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Кейінгі жылдары Алматыда қоғамдық көліктерге қатысты жол апаты жиілеп кетті. Оның себебі неде? Massaget.kz тілшісі Алматы қаласындағы көптеген өзекті проблемаларды көтеріп жүрген урбанист Владислав Филатовтың пікірін сұрады.

"Қалада автобус жолақтары аз"


"Қалада автобус жолақтары аз. Сондықтан олар дәретханаға да бара алмай, кептелісте ұзақ отыруға мәжбүр", - дейді урбанист.

"Автобус жүргізушілері жетіспейді"

Урбанист Владислав Филатов бұл пікірмен де келісетінін айтты.

"Қажетті категория мен жұмыс өтілінің жетіспеуінің салдарынан бізде автобус жүргізушілері жетіспейді. Сондықтан олар артық жұмыс істеуге мәжбүр", - деді Владислав Филатов.

Анықтама үшін: заңнамаға сәйкес, "D" санатындағы көлік құралдарын (автобустар) басқаруға – 25 жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде "D1" кіші санатына жататын ТҚ басқару өтілі кемінде үш жыл адамдар жіберіледі. Сонымен қатар, "D1" кіші санатын алу үшін – 21 жасқа толған адамдардың жүргізуші ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі, оның ішінде "С1" кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде бір жыл болуы қажет.

  • "D" санаты - жолаушылар сыйымдылығы 16 адамнан бастап автобустар;
  • "D1" кіші санаты – жолаушылар сыйымдылығы 8-ден 16 адамға дейінгі автобустар;
  • "С1" кіші санаты - жүк көтергіштігі 3,5 тоннадан 7 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері.

"Қозғалыс нашар ұйымдастырылған"

"Тағы бір проблема - қоғамдық көлік үшін нақты кестенің болмауы. Сондай-ақ көп жерде ескерту белгілері мен бағдаршам нысандары жоқ, жолда жаңылыстыратын белгілер кездеседі және қалада қозғалыс нашар ұйымдастырылған", - дейді Филатов.

"Қала көшелерін жобалау кезінде қателіктер жіберген жол қызметкерлері жауапкершілікке тартылуы тиіс"

Владислав Филатов қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарына тек автобустар немесе олардың жүргізушілерін кінәлау дұрыс емес екенін айтты.

"Автобустар апатын азайту үшін дұрыс инфрақұрылым, нақты кесте, қажетті мамандардың жеткілікті болуы және тартымды жалақы керек. Автобус апаттары үшін жауапкершілікті жол-көлік оқиғасының қатысушылары ғана емес, сондай-ақ қала көшелерін жобалау кезінде қателіктер жіберген жол қызметкерлері де жауап беруі тиіс", - дейді ол.

Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының "Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығына" автобус жүргізушілерінің жұмыс режимі мен жалақысына қатысты бірнеше сұрақ жолдаған болатын.

"Алматыда автобус жүргізушілерінің жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспайды. Жүргізушінің жалақысы 400-500 мың теңгені құрайды. Қоғамдық көлік жүргізушілері сағаттық жалақы алады, бір айда жұмыс істеген сағаттары тіркеліп, жалақысы есептеледі. Автобус жүргізушілері жылына бір рет медициналық тексеруден өтеді", - деп жауап берді қауымдастық өкілдері.

Кей автобус жүргізушілері ұялы телефон қарап отырады. Бұған қатысты "Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығы" рейдтік тексерістер жүргізілетінін айтты.

"Тасымалдаушы тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр және автобус салонынан камералардан келіп түсетін бейне материалдар қаралады", - деді қауымдастық өкілдері.

Massaget.kz редакциясы автобус апаттарына қатысты Алматы қаласының мобилділік басқармасына ресми сауал жіберді. 

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 25 адам медициналық көмекке жүгінді, бір адам оқиға орнында жан тапсырды. Бұл апаттың видеосы желіге тарап кетіп, қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары автобус жүргізушілері күніне 15-16 сағат жұмыс істейтіндерін айтып шағымданды. Бұған дейін Алматы қаласы Полиция департаменті жыл сайын автобус апатынан көз жұматындардың саны артып бара жатырғанын айтты. Алматыда кейінгі 4 жылда қанша автобус апаты болды? Толығырақ мына жерден оқыңыз.

16 шілдеде Алматыда тағы да жол апаты болып, оннан аса адам жарақат алған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова