ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты шұғыл ескерту жасады

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға жедел ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының ТЖ департаменті Қазгидрометтің № 16 дауылды ескертуінің негізінде 18 шілдеде қаланың таулы аумағында қатты жауын шашын, таңертен және күндіз қалада найзағай, бұршақ, жел болатыны туралы хабарлайды. Найзағай кезінде жел соғып, жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін жететіні туралы ескертеді. ТЖД қала тұрғындарына автокөліктерін ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды. 

Сонымен қатар, 16 шілдедегі Қазгидрометтен № 27 жедел ескерту: 17-20 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін.

Осыған орай Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!