Танымал әнші Нұрболат Абдуллин 20 мыңға қандай курс ашатынын айтты

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин жақында жігіттерге арналған курс ашатынын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Әншіден оқырмандары қалай салмақ жинап немесе салмақ тастау керегін сұрап, жиі жазатын көрінеді. 

"Братан, қайтіп азамыз, көмектес!", - деп жазған оқырманына әнші: "Шынымен керек болса, курс сатамын 20к, шын айтам", - деп жауап берген. 

Дәл осыған ұқсас "қатты арықпын, қалай салмақ қоссам болады, көмектесіңізші ағау", - деген оқырманына да Нұрболат Абдуллин курсы туралы айтыпты. 

"Салмақ тастағысы келетін оқырман көп екен, қосқысы келетіндері де біршама. Дипломымды тауып алайын. Сосын айтамын курс туралы", - деп жазды әнші. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз