"Лесбианка ғашық болды". Танымал актриса неге тұрмысқа шықпай жүргенін айтты

Танымал актриса Қаракөз Тілеубекова өзіне жігіттер ғана емес, қыздар да ғашық болып, сезімін білдіргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кейбір қыздар маған ғашық. Мынадай бір оқиға айтып берейін. "Бауыржан шоуда" жұмыс істеп жатқанда "Алтын бидай" ма, "Ақ бидай" ма сондай бір ресторанға тамақ ішуге барамыз, дискотекаға барамыз. Қасымызда ғой, кешке, түнге дейін жұмыс істейміз. Бірде ресторанға барғанда "Бауыржан шоудағы" Нұрбек екеуміз бірге отырдық. Сол кезде "андай" қыздар келді. Қазір қалай айтады, ЛГБТ дей ме, қысқасы бағыты бөлек қыздар келді. Қазір оның жасыратыны жоқ, лесбианка деп айта береміз. Мен ол қыздарды білмеймін. Мен мінезіммен еркекшора болсам, ол қыз қылығымен еркекшора. Менің артымнан қалмайды ана қыз. Мен ойлаймын енді жай әншейін бір танысқысы кеп отырған шығар деп. Сөйтіп барсам жаңағы Нұрбек үстелге келіп күледі де айтады "саған ана қыз ғашық боп қалыпты" деп. "Ойбай, не дейді мынау? Қане, қайсы қыз? Ой, әйбат қыз екен!" деп мен де қалжыңдадым. Ондай қыздар әлі де бар. Маған direct-ке бір қыз жазады. Ол да сондай қыз ба деп ойлаймын. Кейде өзім солай ойлаймын да енді, сеземін. Өмірде бір жөргекті сіздерден ерте тоздырғандықтан көзге қарап психолог болып аласың ғой, бәрін алыстан көріп танып тұрасың. Кімнің қандай екенін, кімнің не ойлап, не айтқысы кеп тұрғанын біліп отырамын", - едп ағынан жарылды актриса "Базар like" бағдарламасына берген сұқбатында. 

Актриса сұқбат барысында неге тұрмысқа шықпай жүргенін де жасырмай айтып берді. 

"Маған ұнауы керек, жақсы көрмесем де маған біраз болсын ұнауы керек. Сол кезде ғана қарайтын шығармын. Адам өмірінде бір-ақ рет шын ғашық болады дейді ғой. Менің ол ғашықтығым мектеп кезінде өтіп кеткен сияқты", - деп түсіндірді актриса.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз