Жетісу облысындағы 8 балабақшада ішек таяқшалары табылды

Жетісу облысындағы Ақсу ауданында 8 балабақшада ішек таяқшалары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек заңнамасының (ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы) талаптарына қайшы, Облыстың балабақшаларында бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 11 адам жұмыс істеген.

Сонымен қатар, прокурорлар Кербұлақ ауданының балабақшаларында жалпы сомасы 25 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 22 қадағалау актісі енгізілді, 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!