Қолшатыр ұмытпаңыз: алдағы күндері қай өңірлерде жаңбыр толассыз жауады?

Қолшатыр ұмытпаңыз: алдағы күндері қай өңірлерде жаңбыр толассыз жауады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер алдағы күндер жауын-шашынды болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аз жылжымалы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 19-20 шілдеде солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина