"Мен оралам". Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды

"Мен оралам". Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды
Фото: instagram.com/kair_n/

Жақында құқықбұзушылық жасап қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың орындауындағы "Мен оралам" әнінің видеосын жариялады. Оның әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын Қайрат Нұртастың архивтегі әндерін тыңдағаннан жалыққан болса керек, "Не болды сонша уайымдап?", "Парақшаңызға қайта-қайта салып халықты алаңдата бермеңіз" деп пікір жазғандар болды.

"4 күн қалды, арамызға аман-есен оралсыншы", "Қайратқа сабыр тілеймін, 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз, шаршамаңыз" деп әншінің анасын жұбатқандар да табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева