"Жарылыс естілді". Алматыда автобус апатының куәгері оқиға қалай болғанын айтты

"Жарылыс естілді". Алматыда автобус апатының куәгері оқиға қалай болғанын айтты
Фото: Massaget.kz

Алматыдағы автобус апатына куә болған тұрғын Нұрәмір Абдугаппаров оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, жолаушылар автобусы жолдың жиегінде тұрған үйге соғылған. 

"Мен үйде жатқан едім. Бірден жарылыс секілді дауыс естілді. Артынша есік ашылмай тұрғанын көрдім. Шықсам адамдар жылап жатыр, жедел жәрдем келген. КамАЗ тұр екен, соған соғылған болуы керек деп ойладым", - дейді тұрғын. 

Айта кетейік, оқиға бүгін сағат 9.15 шамасында қаладағы Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. №137 автобус тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. 


Фото: Massaget.kz

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, аялдамада тұрған автобусқа жүк көлігі келіп соқтығысқан.

Фото: Massaget.kz

Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Оннан аса адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Н. Ынтымақұлы