Танымал актер Жахан Отарғалиев халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды

Танымал актер Жахан Отарғалиев халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Танымал актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, сүйінші сұрап, халыққа алғысын айтты. 

"Мына керемет эмоцияның демеушісі - сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?", - деген актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан. 

Айта кетейік, актер Жахан Отарғалиев соңғы кезде мұқтаж адамдарға баспана сыйлау бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от asar-ume (@asarume_kz)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева