Әлемге әйгілі Modern Talking тобының экс-әншісі Шымкентте не істеп жүр?

Әлемге әйгілі, 80-жылдары аты аңызға айналған Modern Talking тобының экс-әншісі Томас Андерс Шымкентке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемдік жұлдызды әуежайдан күтіп алған тілшіміздің хабарлауынша, өнер иесі мінген ұшақ Шымкент әуежайына дәл кесте бойынша сағат 08:00-де қонды.

Айта кетейік, Modern Talking тобының экс-мүшесі бір күн бұрын Алматыдағы Медеуде кешін өткізген болатын. Өнер жұлдызы бүгін, 15 шілдеде сағат 20:00-де "Мұз" сарайында шымкенттіктер үшін өнер көрсетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!