Көліктер мен базардағы азық-түлік ағып кеткен: Қырғызстанда көшелерді балшық сел басты

Көліктер мен базардағы азық-түлік ағып кеткен: Қырғызстанда көшелерді балшық сел басты
Фото: 24.kg

Қырғызстанның Ош облысында және Ош қаласында сел жүрді. Салдарынан көшелерді су басып, көліктер ағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті ТЖМ мәліметінше, сел басқан аймақтарға 46 құтқарушы жұмылдырылып, 420 адам құтқарылған. 

Жаңбыр салдарынан Ак-Буура өзені тасып, қала көшелерін су басқан. 

Тұрғындар жариялаған видеоларда қаладағы орталық базарда азық-түліктер мен тауарлар, бірнеше көлік суға ағып кеткенін көруге болады.   

Ош облысында сел Асан-Чек және Манас Кара-Су аудандарындағы ауылдарда болған.

Сел үйлер, аулалар мен көшені басып өткен. Ош-Гульча-Иркештам жолы уақытша жабылған.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина