"Есік тұтқасын тартып, із қалдырады" - Алматыда ұрылар видеоға түсіп қалды

"Есік тұтқасын тартып, із қалдырады" - Алматыда ұрылар видеоға түсіп қалды
Фото: Видео кадры

Алматыда ұрылар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Олар қаладағы ірі тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерлерді тонамақ болған.

"Алматыда ұрылар пәтерлерді аралап, есік тұтқаларын тартып, тұрғын үй кешендерінде із қалдырып жүр", - делінген видеоның сипаттамасында.

Кадрларда ұрылар бейнебақылау камераларынан мүлдем қорықпайды. Олар қолымен және баскиімімен бетін жауып жүр.

Нәтижесінде олар пәтерлердің бірін ашып үлгерді. Бұл шабуылшылардың ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз.

Бұл мәселеге қатысты Алматы қалалық ІІД-не тиісті сауал жолданды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек