Грантқа өтінімдерді қабылдау басталды: сайт жұмыс істемесе, қайда жүгінуге болады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі онлайн өтінім беру мүмкін болмаса, қайда жүгіну керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 13 шілдеден бастап мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Өтінімді жоғары оқу орындарының қабылдау бөлімшелері арқылы да, "электрондық үкімет" порталы арқылы да онлайн тапсыруға болады.

Алайда, келушілер санының көптігіне байланысты электрондық үкімет порталында құжаттарды тапсыру кезінде техникалық ақаулар байқалуы мүмкін. Министрлік онлайн өтінім беруде проблемалар анықталған жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ қосымша ақпаратты мына жерлер бере алады:

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525;
  • Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы - 8 (7172) 47-25-25, ішкі нөмірі: 702, 504;
  • "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК call-орталығы - 8 (7172) 695069.

Естеріңізге сала кетейік, өткен оқу жылында жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін 78 219 грант бөлінген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!