Шымкентте экс-әкімнің ағасы бұрынғы әйелі мен үш баласын үйінен күштеп қуып шықты: видео

Шымкентте экс-әкімнің ағасы бұрынғы әйелі мен үш баласын үйінен күштеп қуып шықты: видео

Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол оқиғаның қалай болғаны түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Видеода белгісіз ер адам Дана Әтешованы үйінен күштеп алып шығады. Кадр сыртында бұл Марат Әйтенов екені айтылады. Бұл уақытта полиция оқиғаны көшеде бақылап тұрған.

"Ең сорақысы әйелді шашынан сүйреп күш қолданғанда осының бәрін полицейлер камераға түсіріп тұр", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Атешова (@dana_ateshova)

Кейінірек полицейлер жылап жатқан балаларды үйден шығарып алған. Кішкентай қыздың мұрнынан аққан қанды байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адвокат Жанна Уразбахова (@advokatzhanna)

Кейінірек Дана Әтешова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзіне және балаларына көмектесуін өтініп, үндеу жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Атешова (@dana_ateshova)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан