- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жәнібек Әлімханұлының аурухана...
Жәнібек Әлімханұлының аурухана төсегінде жатқан фотосы тарады
Жәнібек Әлімханұлының командасы боксшының қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті ағайындар! Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз! Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық", - делінген хабарламада.
Qazaq style командасы боксшының жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді:
"Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!"
Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының есінен танып құлағанын жазған едік.
Оның Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды, өйткені қазақстандық боксшы бейсенбі күні салмақ өлшеу кезінде есін жоғалтып, салдарынан ауруханаға жатқызылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан