Арқа не үшін ауырады? Оның бірнеше себебі аталды

Арқа не үшін ауырады? Оның бірнеше себебі аталды
Фото: ru.freepik.com

Арқа ауыруының бірнеше себебі бар. Оның бір себебі - ағзаға сұйықтықтың жетіспеуі. Бұл жайлы маман Ли Картрайт айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mirror"-ге сілтеме жасап.

Ли Картрайттың айтуынша, ағза үнемі сусызданумен қиналса, буындар, омыртқа аралық дисктер және дәнекер тінге амортизация жасау және денені ұстап тұру қиынға соғады. 

Ішпен ұйықтау әдеті де арқаның ауыруына әкеледі. Дененің мұндай күйі омыртқаны қысып тастайды. 

Рационда ақуыздың жетіспеуі және қанттың көп болуы да - арқа ауыруының бір себебі.

Арқа ауыруын жеңілдету үшін тұтас, өңделмеген өнімдерді, жемістерді және тұтас дәнді дақылдарды көбірек жеңіз. Олар қабынуды азайтуға көмектеседі. 

Сондай-ақ адам үстелде отырғанда мойнын алға шығарып отырса да арқасы ауырады. 

Ли Картрайт арқа ауыруынан арылу үшін белсенді өмір салтын сақтауға және спортпен айналысуға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Етеккір кезінде іш ауырса, не істеуге болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова