Онколог қатерлі ісіктен қорғану үшін мына тағамдарды көбірек жеуді ұсынды

Дұрыс тамақтану қатерлі ісіктің алдын алуда маңызды рөл атқарады. Онколог Елизавета Васильева өлімге әкеп соқтыратын аурудан қорғайтын өнімдерді тізімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.

Маман ең алдымен дұрыс ақуызы бар тағамдарды жеуге шақырды: сиыр, құс еті және балық. Шошқа мен қой етінен бас тартқан дұрыс, өйткені диетаның майлы болуы асқазан мен ішектің сау жасушаларының мутациясын тудыруы мүмкін.

Дәрігер йогурт қосылған сүзбе және көкөністер мен шөптер қосылған жұмыртқаны ақуызға бай таңғы ас деп атады. Ол бұл тағамдардың аминқышқылдарына бай және оңай сіңірілетінін түсіндірді.

Теңіз балықтарында, жаңғақтарда және өсімдік майларында кездесетін омега-3 майлары да қатерлі ісік қаупін азайтады Олар холестеринді бақылауға, метаболизмді жақсартуға және жасушаларды зақымданудан қорғауға көмектеседі.

Дәнді дақылдардан (қоңыр күріш, сұлы, макарон және ірі ұннан жасалған нан), жасыл көкөністерден алынған өсімдік талшықтары да пайдалы.

"Оларды диетаға қосқанда, ас қорыту жақсарады, ішекті ісіктердің пайда болуынан қорғайсыз", - деп түсіндірді дәрігер.

Сондай-ақ, Елизавета Васильева ісіктердің пайда болу қаупін азайту үшін брокколи мен грейпфрут сияқты көкөністер мен цитрус жемістерін жеуге кеңес берді. Брокколиді аптасына екі-үш рет жеу жүрек-қан тамырлары мен ас қорыту жүйесіне пайдалы, сонымен қатар бұл көкөніс қауіпті канцерогендерді бейтараптандырады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Өзге елдерде адамдар қалай сәлемдеседі?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз