"Қызымды 4 бала топтасып зорлады". 8-сынып оқушысының анасы жанайқайын жеткізді

"Қызымды 4 бала топтасып зорлады". 8-сынып оқушысының анасы жанайқайын жеткізді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысында 14 жастағы қызымды жігіттер топтасып зорлады деген ана әділдік іздейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "31 арнаға" сілтеме жасап. 

Айгүл Қонқашева сұмдық жағдайдың болғанына екі апта өтсе де күдіктілердің ешқайсысы қамалмағанына қапалы. Осылайша іс жылы жабыла ма деген ана жыларман күйге түскен. Оның айтуынша сегізінші сыныптағы қызға айуандық жасағандар естен тандыратын белгісіз зат беріп, жыныстық қатынасқа түскен. 

Қимылсыз қызын құшақтай ауруханаға жеткізеді. Тілсіз қалған оқушыны тексерген мамандар сараптама тағайындайды. Айгүл Қонқашева сол түні қызымды таныс жігіті үйден шығуға көндірген деп отыр. Кейін көлікте тағы үш жігіт болған дейді. Оның айтуынша, жас шамалары 17, 18, 20, 25-тегі жігіттер 8-сынып оқушысына ойына келгенін істеп, таң сәріде ес-түссіз күйде есік алдына әкеліп тастаған.

"Қызым есін білмейді. Өлген адам сияқты. Мас адамның буын-буыны істемейді ғой. Тура сондай. Ішімдіктен бұрын, синтетикалық зат зәрінен шықты. Нарколог бәріне анализ өткіздік сол күні. Бұл жерде топтасып зорлау болып тұр ғой", - деді қыздың анасы Айгүл Қонқашова. 

Қыздың туыстары күдіктілердің бостандықта жүргенін айтады. Ал полиция тек сараптамадан соң ғана шешім қабылдаймыз деді.

"Мен тергеушілерге қанағаттанбаймын. Бұл не деген сұмдық?! Кәмелетке толмаған қыз осылай болып жатыр. Өздері алып кетті, зорлады, әкеліп тастады. Енді не қамалмайды дегенім де маған "апа, қамалғанда сізге не пайда?" деді тергеуші", - дейді қыздың апасы Айбаршын Шалова. 

Ал бар өкпесін айтқан жәбірленушінің туыстары прокуратурадан тергеушілердің дөрекілігі, бала құқығын қорғау бойынша комиссияның келмеуі, істің созбаққа салыну себебін сұрады.

"Сол күні Қылмыстық кодекстің 122 -бабы, бірінші бөлімімен аудандық полиция бөлімінде іс қозғалған. Қазір іс бойынша сот сараптамалар тағайындалған. Жәбірленуші айтып отырған барлық сұрақ, уәжі ескерусіз қалмайды. Оған мен прокурор ретінде назарға алатын боламын", - деді Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаров. 

Созбаққа салынған сараптама келмей қанша жігіттің оқушы қызға озбырлық жасағанын білмейміз дейді. Ал қарғадай қыздың анасы бұл істің өгіз аяңға салынуының сыры жыныстық қатынасқа түсті деген жігіттердің санын азайту деп түсінеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек