Салтанат Бақаева: Жұлдыз Қайратты ел алдында қолдауға міндетті емес!

Салтанат Бақаева: Жұлдыз Қайратты ел алдында қолдауға міндетті емес!
Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva/

Қайрат Нұртастың қамауға алынуына байланысты бұрынғы әйелінің әлеуметтік желіде әңгіме қозғамауын қолдайтындар көп. Соның бірі - Салтанат Бақаева, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анна Данченконың YouTube арнасында жарияланған видеода әнші Салтанат Бақаева "Жұлдыз Қайратты ел адында қолдауға міндетті емес" деп есептейді. 

"Менің ойымша, бұл әр адамның жеке мәселесі. Мұндай нәрсеге адамдар көңіл аудармағаны дұрыс. Өйткені, әр адам өзі біледі, айта ма, айтпай ма. Міндетті емес қой, бәлкім өзі жеке айтатын шығар. Түсінікті жағдай ғой. Неге бәрін инстаграмға салып көрсетіп жүруіміз керек. Әлеуметтік желі көбіне біздің жұмысқа байланысты, әр адам өзі біледі ғой парақшасын қалай жүргізу керегін", - деді әнші Анна Данченкоға берген жауабында.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина