Динара Сәтжан Джонни Депптің адвокатымен сұқбат өткізбек

Танымал актер Джонни Депп пен оның бұрынғы әйелі Эмбер Хердтің сотында актерді қорғап шыққан адвокат Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара Сәтжан танымал қорғаушы Камилла Васкеспен бірге түскен фотосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Камилла Васкес Астанада! Өткен жылы Netflix-те Джонни Деп мен оның бұрынғы әйелі Эмбер Хердтің соты туралы деректі фильм қараған едім. Ол туралы пост та жаздым.
Сотқа арызды Джонни Депп берген. Жала жапқаны үшін 50 миллион талап еткен. Ажырасқаннан кейін Эмбер БАҚ-қа бұрынғы күйеуінің зорлық-зомбылық жасағанын айтқан. Джонни 6 жыл бойы шыдап, кейін сотқа жүгінген. Бүгін мен Камилладан оның неге сонша уақыт үнсіз қалғанын сұрадым. Оның себептері болғаны белгілі болды", - деп жазды Динара Сәтжан.

Камилла Васкес - сотта Депптің мүддесін қорғаған «Brown Rudnick» заң фирмасындағы тоғыз заңгердің бірі. 2021 жылы Best Lawyer («Үздік заңгер») журналы Камилланы перспективасы жоғары жас адвокаттар тізіміне енгізген. 

Сонымен қатар, "Біз Камиллианың келесі сапарында сұқбат жазуға келістік", - деп жазды Динара Сәтжан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!