Ұлытау облысында такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан

Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізген деген күдікпен 43 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Автокөлік құралын тексеру кезінде полицейлер жасыл түсті өсімдік тектес ұнтақ заты бар он екі қағаз орамасын тауып алды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат жалпы салмағы 52 грамнан асатын "гашиш" есірткісі болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді және өзінің негізгі еңбек қызметі кезінде есірткі таратумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!