Маңғыстау облысында әйел көлікте босанып қалған

Маңғыстау облысында әйел көлікте босанып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Фельдшер Камила Кеулімжаева 8 шілдеде жедел жәрдем көлігінде аяғы ауыр әйелді босандырып алған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі өкілі айтты.

Фельдшер Камила Кеулімжаева Батыр ауылына жүктіліктің 37-аптасында болған әйелдің шақыруына келген.

Ауруханаға барар жолда әйелдің толғағы қыса бастаған. Фельдшер жедел жәрдем көлігінде босандырып алуды ұйғарған. Фельдшердің кәсіби іс-әрекетінің нәтижесінде дені сау бала дүниеге келді.

Қазір жаңа туған сәби анасымен бірге перинаталдық орталықта.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!