Серік Ибрагимов полиция қызметкерлеріне "ұсталды". Кезек кімде?

Серік Ибрагимов полиция қызметкерлеріне "ұсталды". Кезек кімде?
Фото: instagram.com/ibragimovserik/

Танымал әнші Серік Ибрагимов Қытайдағы полиция қызметкерлеріне "ұсталғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Серік Ибрагимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған. Көрші елге жасаған сапарында әнші полиция қызметкерлерінің жанында түскен суретін жариялаған. 

"Ұсталдым" деп Қытайдағы екі әйел полицияның жанында суретке түскен әншінің әзілі елде соңғы кезде өнер адамдарымен болып жатқан оқиғаларға қатысты болса керек. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина