"2000 АҚШ доллары". Нұрлан имам әлеуметтік желіден тапқан табысынан бейхабар болған

"2000 АҚШ доллары". Нұрлан имам әлеуметтік желіден тапқан табысынан бейхабар болған
Фото: Видеодан алынған кадр

Нұрлан имам әлеуметтік желі арқылы тапқан ақшаға қажылыққа жолдама алып, оқырманына сыйламақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында танымал мобилограф Қыран Талапбекпен бірге отырған видеосын жариялады. Бейнеде блогер дін өкілінің Tiktok тіркеулі жазбасының теңгерімін тексергенін көруге болады. Мобилограф тергерімді қарап, имамға шотта біршама қаражат тұрғанын айтады. Ал Нұрлан имам мұндай табыс туралы мүлде бейхабар болған. 

"Сәлем, достар. Қазір Нұрлан имаммен бірге отырмын. Бұл кісілер Tiktok желісі тікелей эфирде көрермендері берген сыйлық үшін ақша алуға болатынын білмепті. Қарасам, теңгерімінде 2 мың АҚШ доллары бар ғой", - дейді Қыран Талапбек. 

Ал Нұрлан имам бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. 

"Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге, Ұмраға қажылыққа жолдама ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын", - деп жазған имам.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сараланған гранттар деген не? Сараланған гранттар қай мамандықтарға бөлінді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә