Зиратқа кетіп қайта оралмаған: Ақмола облысында 5 адам жоғалған

Ақмола облысында далада адасқан ауыл тұрғындары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Степногорск қаласының полиция басқармасына жақын маңдағы ауыл тұрғыны 6 шілдеде таңғы сағат 10.30 шамасында хабарласып, туыстары жоғалып кеткенін хабарлаған. 5 адам Аudi автокөлігімен Қараоқты ауылына қарай зиратқа кетіп, бір тәулік бойы байланысқа шықпаған. Степногорск қаласы Полиция басқармасы дереу іздестіру іс шараларын ұйымдастырған.

"Бізді қатты алаңдатқаны: арасында зейнеткер болды. Ол жасына байланысты мұндай сапарды көтере алмауы мүмкін еді", - деді Нұрбек Сұлтанғазиев.

Полицейлер Степногорск қаласынан 30 шақырым жерде жоғалып кеткен жүргізушіні тапты. Жаңбырдан кейін оның көлігі батпаққа кептеліп, істен шыққан, өзі әлсіреген. Жүргізуші қалаға жаяу бармақ болып, бірақ адасып кеткен. Далада бір тәулікке жуық уақыт өткізген.

Кейін полиция қызметкерлеріне жоғалғандарды қай жерде көргенін көрсеткен шопандар көмектескен. Осылайша іздеу тобы далада 10 сағаттан аса уақыттан кейін ауыл тұрғындарын Изобильное ауылынан шамамен 30 шақырым жерде тапты. Жоғалғандарға полицейлер қажет көмекті көрсетті.

Олардың барлығы дін аман және ешқандай жарақат алмаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!