Ақмола облысында тұрғын атасы қайтыс болғанын жасырып, зейнетақысын пайдаланып келген

Ақмола облысы прокуратурасы зейнетақы ұрлаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүргізілген талдау барысында 1937 жылы туған зейнеткер П.Е.Н. 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталды.

"Қайтыс болған адамның туған немересі пайдакүнемдік ниетпен қайтыс болу дерегін уәкілетті органдардан жасырып, қайтыс болған адамның зейнетақы банк картасын пайдаланып, зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде ұрлаған. Қаскүнем 4 000 000 теңгеден аса қаражат ұрлап әкеткен, осылайша мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 1- тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Сот үкімімен күдікті орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Осылайша ол 3 жылға бас бостандығынан айрылды, залал мемлекетке өтелді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз