Ерке мен RaiM Парижде жұлдыздарға талдау жасайтын қазақ қызымен кездесті

Ерке мен RaiM Парижде жұлдыздарға талдау жасайтын қазақ қызымен кездесті
Фото: Фотоколлаж Liter.kz

Әлеуметтік желіде жұлдыздарға разбор жасайтын Жансая Махабаева Парижде RaiM мен Еркемен кездесіп, екі күн бірге уақыт өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"RaiM Еркемен Парижде кездестім. Қалай болғанын айтып берейін. Жұлдыздарға разбор жасайтын рилстарымның арқасында Еркемен танысып, инстаграмда әңгімеміз жарасып жүрді. Сөйтіп Chopard брендінің шақыртуымен Париж қаласына бардым. Қарасам RaiM мен Ерке де осында екен. Еркеге ниеттеніп жазып едім, Ерке жауап жазып, кездестік. Сөйтіп екі күн қатарынан бірге қыдырдық!", - деп жазды блогер Жансая Махабаева. 

Блогердің айтуынша, олар алғашқы күні Эйфель мұнарасы маңында кешкі ас ішіп, екінші күні джаз тыңдауға барған. 

"Махаббаттары берік, нағыз үлгі алатын отбасы екен", - деген пікір қалдырды автор. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhansaya Makhabayeva (@zhansaya_ae)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина