- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да бір отбасы...
СҚО-да бір отбасы уланып, балалар қайтыс болды: оқиға туралы тың дерек шықты
Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы неден уланғаны анықталды. Осы оқиға салдарынан екі бала қаза болған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Улану дерегі бойынша полицейлер бұған дейін "Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша тергеуді бастаған.
9 шілдеде бұл отбасының нитриттерден, яғни азот қышқылының тұздарынан уланғаны белгілі болды.
"Соталды тергеу аясында бірқатар сараптама жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша балалардың өліміне нитриттерден улану себеп болғаны анықталды. Қазір істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық зерттеуге бағытталған соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді Tengrinews.kz-ке облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі өкілі,
Дәрігерлердің айтуынша, нитриттер тағамға ет өнімдерімен бірге түседі. Олар консервант, бактерияға қарсы және тұздаушы ингредиент ретінде тұздау, маринадтау үшін қолданылады.
Ал балалардың ата-анасы шұжық пен дүкеннен алынған тұшпара жеп, тәтті, газдалған сусын ішкендерін айтқан еді.
Еске салайық, бұған дейін солтүстікте екі бала уланып қайтыс болғаны хабарланды. Қайтыс болған балалардың бірі 3 жаста, енді бірі 6 жаста.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова