- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бетінен тепкен: Ақтөбеде...
Бетінен тепкен: Ақтөбеде ер адам медициналық орталықтың күзетшісін ұрып тастаған
Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар адам медициналық орталыққа келіп, күзетшіні ұрып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Пацаев көшесіндегі жеке медициналық клиникада болған.
41 жастағы мас ақтөбелік кассада тұрған қыздан ұялы телефонын тартып алған, оған қоса көмекке келген күзетшінің беті мен басынан екі рет ұрған. Күзетші құлап, орнынан тұрмақ болғанда шабуыл жасаған ер адам тағы бетінен тепкен.
Бұзақылық бабы бойынша шабуыл жасаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек ол созылмалы психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды. Сот күзетшіге шабуыл жасалған кезде ол өзінің әрекетін түсінбегенін анықтады. Оған психикалық жағдайы бойынша ауруханада мәжбүрлі ем қажет болған. Жәбірленушінің өзі айыпталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қойған жоқ.
Сот бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы типтегі психиатриялық стационарға мәжбүрлі емге жіберді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова