- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен жәбірленушімін". Қайрат...
"Мен жәбірленушімін". Қайрат Нұртас сотта мәлімдеме жасады
Танымал әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде сот алдында жауап берді. Өнер иесі бас бостандығынан айырылуы мүмкін бе? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі онлайн режимде қарай бастады.
Қайрат Нұртасқа (шын есімі - Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.
Бұл бап бойынша 15 күнге дейін қамауға алу қарастырылған.
Судья 4 маусымда сағат 20:00 шамасында Алматы-Астана рейсінің бортында Қайрат Нұртас Асылбек Бекқайыровпен сөзге келіп, оның басынан және оң көзінен ұрғаны жазылған хаттаманы оқыды. Соттың медициналық қорытындысына сәйкес, Бекқайыров жеңіл жарақат алған.
Әнші жәбірленуші екенін мәлімдеді.
"Мен жәбірленушімін. Бірнші мен ұрған жоқпын. Бірінші мені ұрды", - деді ол.
Сонымен қатар, өнер иесі Бекқайыровтың денсаулығына жеңіл зиян келтіргенін мойындады.
Еске салайық, әнші Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушыны соққыға жыққаны белгілі болды.
Материалдар қарау үшін сотқа жолданды. Әнші ұсталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек