- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев ғаламдық жылыну...
Тоқаев ғаламдық жылыну процесі Қазақстанға қалай әсер етіп жатқанын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғаламдық жылыну процесі Қазақстанға қалай әсер етіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ерекше өзекті болып отыр. Бұл жағдай үлкен алаңдаушылық туғызады. Біз әртүрлі табиғи апаттардың айтарлықтай өсуіне куә болдық. Бұл барлық мемлекетке айтарлықтай зиянын тигізеді. Жақында Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын сезді. Мамандардың пікірінше, бұл табиғи апат ғаламдық жылыну процесі тікелей байланысты", - деді мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде.
Президенттің пікірінше, климаттық сын-қатерге жалғыз күресу мүмкін емес.
"Сондықтан әлемдік қоғамдастық экономиканы декарбонизациялау бойынша маңызды бағыттар негізінде жұмысты жалғастыруы керек деп санаймын. Бірақ барлық мемлекет дамыту мен жаңғыртудың өзекті міндеттеріне нұқсан келтірмеуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен