Қазақстандықтар балгерлер мен көріпкелдердің қызметтеріне қанша жұмсаған?

Қазақстандықтар балгерлер мен көріпкелдерге қанша теңге жұмсағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Олардың айтуынша, бұл қызмет көрсетушілердің табысы емес, қазақстандықтардың мұндай қызмет пайдалануға кеткен шығыны. Демек, балгерлер, экстарсенстер мен астрологтардың табысы бұдан да көп болуы мүмкін.

Ресми деректер бойынша, астрологтардың, спириттер мен балгерлердің қызметтеріне қазақстандықтар жалпы 39 миллион 96 мың теңге жұмсаған. Оның 13 миллион 785 мың теңгесі - ауылдық жерлерде тұратын халық қаражаты. 

Тіркелген кәсіпкер астрологтердің ең көп табыс тапқан жері – Астана. Көріпкелдер Астанада 25,3 миллион теңге табыс тапқан. 

Ал көріпкелдердің қызметтеріне қазақстандықтар биыл 426 мың теңге жұмсаған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз