Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылды

Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылды
Фото: Ақорда

Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордадағы саммитте Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшесі атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасы ШЫҰ-ға мүше ел атанғанын, самитте маңызды шешім қабылдағанын жеткізді.

"Шанхай рухын нығайтып, Шанхай принциптерін ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымның біріне айналдырдық. Біздің ұйымның бірегейлігі мен орасан зор әлеуетінің арқасында әлемде оған деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь президенті Александр Григорьевич Лукашенкоға қош келдің демекпін. Беларусь Шанхай Ынтымақтастық ұйымына толық мүшесі атану үшін қажет рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына Беларусь Республикасының қабылданғаны туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды сұраймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен