"Барлық сатқындық саналы түрде жасалады". Сара Амангелдінің бұл сөзі кімге арналған?

"Барлық сатқындық саналы түрде жасалады". Сара Амангелдінің бұл сөзі кімге арналған?
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші, актриса Сара Амангелді әлеуметтік желіде махаббат пен сатқындыққа қатысты көлемді жазба жариялады. Оның сөздері кімге арналғаны әлі белгісіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сіздің сүйікті адамыңыз, мысалы күнделікті өмірде кездейсоқ біреумен кездесе алады немесе басқа біреуге ғашық болады дегенге ешқашан сенбеңіз. Бұл барып тұрған ақымақтық. Мен осындай жолмен қанша отбасы мен қарым-қатынастың бұзылатынын білемін...", - деп көлдей мәтін жазған актрисаның ішкі сыры бар сияқты. 

Сондай-ақ Сара Амангелді сатқындық жасайтындарды сынап, олардың жиі өтірік айтатынын жазған.

"Барлық сатқындықтар мен қол үзулер саналы түрде жасалады. Адам мұны өзі қалады, өзі жасады. Содан кейін құлаққа теуіп отырып: "ғашық болып қалдым, кешір...ештеңе істей алмадым" дейді. Өтірік және тағы да өтірік. Сүйген адамның басында бір ғана мәселе бар - САТЫП КЕТПЕУ",- деген Сара Амангелдінің сөздерінен ашу мен өкпенің лебі сезіледі. 

Бірақ әнші, актриса өзінің бұл жазбасы кімге немесе қандай оқиғаға қатысты жазылғанын ашып айтпаған. 

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина