"Тойып секіргендер". Көлік ішінде суға түскен блогерлер жазаланды

Фото: Видео кадры

Көлік ішінде суға түскен танымал блогерлер Нұрдәулет Бектұрсын мен Ерболат Жанабылов жазаланды. Астана Полиция департаменті өкілдері Massaget.kz тілшісіне блогерлердің айыппұл арқалағанын растады. 

NNN лақапатымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын мен Ерболат Жанабылов көлік ішінде бассейн құрып, видео жүктеген еді. Кадрларда көлікті су өткізбейтін затпен қаптап, ішіне су толтырғаны көрінеді.  

Астана Полиция департаменті өкілдері Massaget.kz тілшісінің сауалына жауап беріп, олардың жауапкершілікке тартылғанын растады. 

"Tank көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция қызметкерлері. 

Еске салайық, бұған дейін көлік ішінде суға түскен блогерлер жұрттың сынына қалғаны жарияланған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек