- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда ер адам...
Атырауда ер адам жоғары қабаттан секіріп мерт болды
Атырауда ер адам өз-өзіне қол жұмсап, жоғары қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Нұрсая шағынауданында болған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
"2 маусымда сағат 01:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан 1994 жылғы ер адам секіріп кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өзін атып жібергені хабарланды.
WhatsApp-та 1981 жылы туған ер адам 14-шағынаудандағы банк ғимараттарының бірінен 10 миллион теңге ұрлап кеткені, кейін ғимараттың жертөлесіне тығылып, басына оқ атқаны туралы хабарлама тарады. Ақпаратты полиция растады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова