- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік жағдай: Ақтауда...
Жантүршігерлік жағдай: Ақтауда инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өзін атып жіберген
Ақтауда инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ұрлық және өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Ақтау полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.
WhatsApp-та 1981 жылы туған ер адам 14-шағынаудандағы банк ғимараттарының бірінен 10 миллион теңге ұрлап кеткені, кейін ғимараттың жертөлесіне тығылып, басына оқ атқаны туралы хабарлама тарады. Ақпаратты полиция растады.
"Тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрлық және өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді", - деді ведомство өкілі.
Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмеді.
Айта кетейік, оқиға 1 шілдеде болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова