- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 шілдеден бастап...
1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы көтеріледі?
1 шілдеден бастап шамамен 3,3 мың қызметкердің жалақысы көбейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгіннен бастап орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақысына үстемеақы алады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100 пайызға дейін үстемеақы алады.
"Оның ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар. Сондай-ақ, 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының жалақысы көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Қаулыны іске асыруға 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 млрд 480,1 миллион теңге көлемінде шығын көзделген.
Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылады.
Жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының 1619 қызметкеріне қосымша ақы төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жоспарланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен