Кеше, 28 маусымда Алматы метросында техникалық ақаудың салдарынан пойыздар кешікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті жолаушылар, пойыздар техникалық ақауға байланысты кешігіп жатыр", - деді метро операторы дауыс зорайтқыш арқылы.
Қала тұрғындары пойызды күтіп қалған.
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді.
"Сағат 21:54-те метрополитен пойыздарының қозғалысы техникалық себептерге байланысты тоқтатылды. Мамандар қажетті сараптама жүргізіп жатыр. Пойыздарда жолаушылар жоқ, барлығы платформаларға жеткізілді. Алматы митрополиті келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - деп хабарлады компания.
Қозғалыс 28 маусымда сағат 22:46-да қалпына келтірілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!