"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 маусымда еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан, жел соғады, күндіз облыстың солтүстігік-шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл болады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының шығысында, батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық болады.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз