Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

2-4 шілде аралығында "Есіл", "Нұра" және "Алматы" аудандарында осындай шектеулер енгізілетін болады.

"Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!