Қызылордада 3 жасар бүлдіршіннің басы балконның теміріне қысылып қалған

Қызылордада 3 жасар бүлдіршіннің басы балконның теміріне қысылып, шығара алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдай қызметкерлері қыздың басын темірден шығаруға тырысып жатқаны бейнеленген видео журналист Гүлмира Абықайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Оның айтуынша, қыздың басын шығаруға алдымен ата-анасы тырысқан, алайда әрекет нәтижесіз аяқталды.

"Басын балконнан шығара алмай қиналды. Қызылордадағы көп қабатты үйдің балконына шығып, темірден басын шығарып ауланы көрмек болған 3 жасар қыздың басы қысылып қалды. Өздігінен шығармақ болды, ата-анасы суырып алмақ болды, нәтижесіз.
Ақыры төтенше жағдайға хабарласып, құтқарушылар темірді кесіп, 3 жасар қызды аман-есен құтқарды.
Бұл жағдай 2 ай бұрынғы оқиғаны еске салды. Сәуір айында танысына келген мейман темір дулығаны киіп көрмекші болып, басынан шықпай қалып еді ғой? Ұмытпаған шығарсыздар?
Ол кезде де оқиға Қызылордада болған", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қолтықсүйер деген не?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!