Оралда жатақханада өрт шығып, 15 жастағы қыз өртеніп кете жаздаған

Оралда жатақханада өрт шығып, 15 жастағы қыз өртеніп кете жаздаған
Фото: ТЖМ

Орал өрт сөндірушілері жатақханадағы өрт кезінде жасөспірім қызды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

26 маусымда Орал жатақханаларының бірінде екі шаршы метр алаңда үй заттары мен қоқыстары жанды.

"Құтқарушылар шақырылған жерге келгенде, жанып жатқан бөлмеде адам бар екені анықталды. Алдыңғы есікті ашқан өрт сөндірушілер 2009 жылы туған қызды құтқарды. Өрт сөндірушілер жасөспірімді жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - деді БҚО ТЖД.

Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында өрт шақырылған сәттен бастап 17 минут ішінде жойылды. Қаза тапқандар жоқ. Себебі анықталды.

Өрт болған жағдайда "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Саундтрек деген не?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә