- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда қызға ескерткіш...
Атырауда қызға ескерткіш құлаған қайғылы оқиға: қала әкімі пікір білдірді
Фото:
ашық дереккөз
Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалған болатын. Оқиға салдарынан қыз ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаға қатысты қала әкімі де пікір білдірді.
"Естелік аллеясында" батырлар мүсіні кәсіпкерлер мен демеушілер қаржысына орнатылған еді. Орал қаласында жасалған. Мемлекет ешқандай қаражат жұмсамады. Мен де тәжірибелі құрылысшы болғандықтан, мұндай салмақты мүсіннің қалай құлап кеткені өзіме де жұмбақ болып отыр. Ол желдің әсерінен құлады деп ойламаймын. Анық-қанығын тексеріп жатырмыз" - дейді Шәкір Кейкин.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 7 жасар балаға ескерткіш құлап, көз жұмғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова