Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты еңбек кестесі де өзгеруі мүмкін

Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты еңбек кестесі де өзгеруі мүмкін
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты, егер жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісе алса, еңбек кестесі де өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, әрбір қызметкер өзіне ыңғайлы жұмыс сағатын таңдау мүмкіндігіне ие.

Ол күн тәртібі жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы шартта жеке белгіленетінін түсіндірді.

Егер олар бұл мәселеде келісімге келе алса, жұмыс күні таңғы 08.00 немесе тіпті 07.00 басталуы мүмкін.

"Іс жүзінде шарт екіжақты тәртіпте жасалады, ол Еңбек кодексінде және заңға сәйкес жазылған. Қараңғыда жұмыс істемеу үшін қызметкер жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарауы мүмкін, мысалы, оны бір сағатқа алға жылжытуға болады. Бұл шын мәнінде күрделі мәселе емес", ‒ деп атап өтті министр.

Еске салайық, 2024 жылы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның бүкіл аумағы бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.

22 сәуірде Қазақстанның онлайн-петицияларының сайтында бұрынғы уақыт белдеуін қайтару үшін петиция ашылды. Ол қажетті 50 мың дауысты жинады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Гидрофильді майды қалай қолданған дұрыс?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә