- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда 13 тоннаға...
Қазақстанда 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленген
Полицейлер "Қарасора" операциясы басталғалы бері 13 тоннаға жуық есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері операция басталғалы бері ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқықбұзушылықтың алдын алды. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді.
Синтетика өндіретін есірткі зертханасы жойылды. Мәселен, Алматы облысының аумағында қарасора өсіру деректері анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 тоннадан асты.
Ақтөбе облысында зертханалық жағдайда жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырған жергілікті тұрғыннан 3 келіден аса мефедрон тәркіленді. Қызылорда облысында авиациялық тексеру арқылы есірткіні заңсыз өсіру дерегі анықталды. Екі есірткі сатушысы анықталып, олардан жарты тоннадан аса марихуана тәркіленді.
Жамбыл облысы Рысқұлов ауданынан 130 шақырым жерде 56 келі марихуана дайындаған адам ұсталды. Астана тұрғынының пәтерін тінту кезінде 1,5 келіден аса мефедрон табылды. Теміртауда 22 жастағы есірткі таратушы ұсталып, одан 350 грамм доза болатын 300 орам мефедрон тәркіленді.
"Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова