Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға рұқсат берілмеуі мүмкін

Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға рұқсат берілмеуі мүмкін
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр сарапшылардың бұл ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

"Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы керек. Екіншіден, бұл - сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату, біз мұнымен де келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек", - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан соң.

Оның айтуынша, зейнетақы қорындағы 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынған.

"1,5 миллион адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 триллион теңгеден аса қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайын жақсартты, емделді. Сондықтан мұны бекер жұмсалды деуге де болмайды", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін министрлік зейнетақысының бір бөлігін алып қойған қазақстандықтарға күтпеген жаңалық айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Есен